Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков "Құмтөр" ісінде куәгер ретінде тергелді. Бұл туралы Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.
Арнайы қызмет мәліметі бойынша, сауалдар Жээнбеков премьер-министр қызметін атқарған уақытқа қатысты болған. Комитеттің хабарлауынша, Сооронбай Жээнбековті тергеу әлі аяқталған жоқ.
Жээнбеков 2016 жылғы сәуір мен 2017 жылғы тамыз аралығында Қырғызстанның премьер-министрі қызметін атқарды.
"Құмтөр" алтын кеніндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында парламенттің бұрынғы спикері Асылбек Жээнбеков (Сооронбай Жээнбековтің бауыры), экс-премьер Өмірбек Бабанов, бұрынғы депутаттар Исхак Пирматов, Торобай Зулпукаров және Талантбек Узакбаев, Алмазбек Атамбаевтың парламенттегі бұрынғы өкілі Данияр Нарымбаев, экс-депутат Алмазбек Баатырбеков ұсталды. Үкіметтің парламенттегі бұрынғы өкілі Динара Молдошева ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босады. Сонымен бірге бұрынғы вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев пен бұрынғы премьер-министр Темір Сариев ұсталды.
Тергеумен келісімге отырған экс-депутаттар Алмазбек Баатырбеков, Талантбек Узакбаев, Исхак Пирматов, сонымен бірге бұрынғы бірінші вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев үйқамаққа ауыстырылды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Асқар Ақаев Қырғызстанға "Құмтөрді" қайтаруға көмектесе ала ма?Тергеу абақтысында отырған Өмірбек Бабанов шетелге ұшып кеттіАсқар Ақаев "Құмтөр" бойынша қырғыз халқынан кешірім сұрап, артынан Мәскеуге ұшып кеттіӨзі келді ме, "жеткізілді" ме? Қырғыз экс-президенті Асқар Ақаев 16 жылдан соң еліне оралдыҚырғызстанда "Құмтөрдегі жемқорлық ісі" бойынша экс-премьер ұсталды