Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Панжшер шатқалында Ахмат Масуд бастаған топ пен тәліптер арасында ұрыс қайта басталды.
Соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде жеті адам қаза тапқан.
Панжшер — "Талибан" билігі әлі орнамаған жалғыз аймақ. Ол жаққа тәліптерге қарсылар жиналып жатыр. Жексенбіде Ахмад Масуд жаңа үкімет өкілдерімен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген.
"Талибан" дүйсенбіде Панжшер шатқалына әскер жібергенін хабарлаған.
30 тамызда АҚШ Ауғанстандағы әскери миссиясын аяқтап, ең соңғы ұшағымен Кабулдан шығып кетті. АҚШ Кабулдан жалпы 123 мыңнан астам шетелдікті және өміріне қауіп туғызатын ауғандықтарды шығарып алды.
Кабул халықаралық әуежайы енді "Талибан" қозғалысының қолына өтті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Кейінгі 40 жылда сыртқы күштен жеңілмеген Панжшер тәліптерге қарсы тұрды. Соңы не болмақ?