АҚШ, Ұлыбритания және Австралия қорғаныс альянсын құрды

АҚШ президенті Джо Байден одақтас елдердің басшыларымен виртуалды кездесу кезінде.

Австралия, Ұлыбриятания және АҚШ қорғаныс және қауіпсіздік қаласында жаңа үш жақты әріптестік – AUUKUS альянсы құрылғанын жариялады. Бұл туралы британдық BBC сайты хабарлады.

"Бұл бастама үдеп бара жатқан қауіптен қорғануға және әрекет етуге қажетті озық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында көтерілді", - деді АҚШ президенті Джо Байден.

Австралия, Ұлыбриятания және АҚШ Үнді-Тынық мұхиттары аумағына Қытай ықпалының өсуіне алаңдайды. Жаңа әріптестік Пекиннің аймақтардағы ықпалын тежеу үшін қажет.

AUUKUS альянсының алғашқы жобасы Австралияның атом сүңгуір қайықтарына ие болуын көздейді. Австралия одақтастарынан кеме құрылысына қажетті технология алады, сөйтіп Франциямен арадағы 66 миллиард доллардың келісімінен бас тартады. Париж бұған наразы.

"Тұспалдан жасалған соққы. Одақтастар бұлай жасамауы керек",— деп мәлімдеді Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан France Info радиосының эфирінде.

Австралия, Ұлыбритания және АҚШ AUUKUS әріптестігі аясында кибертехнология, жасанды интеллект және квант технологиясы салаларында тығыз әріптестік орнатуды көздейді, делінген альянс құру туралы мәлімдемеде.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Си Цзиньпин Қытайға "көз алартқан" сыртқы күштердің "басын жарамыз" деп сес көрсеттіКанада мен Қытай БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде дауласып қалдыСарапшылар ядролық қаруды қысқарту ісі тұралап қалды деп алаңдайдыG7 саммитінде Қытайға қарсы жоспар ұсынылдыG7 лидерлері Британиядағы саммитте пандемия, климат және Ресей мәселесін талқылайды