Қазақстан Freedom House халықаралық ұйымының әлем елдерінің интернет еркіндігіне баға берген биылғы есебінде "интернеті еркін емес" мемлекеттер қатарына кірді.
"Жергілікті және орталық органдарға сын айтқан азаматтар мен белсенділерді қуғындап, қамауға алып жатыр. Қаңтар айында өткен парламент сайлауынан кейін онлайн-БАҚ-қа қарсы қорқыту әрекеттері, оның ішінде "қызмет көрсетуден бас тарту" (DDoS) секілді шабуылдар күшейді", - деп жазылған 21 қыркүйекте жарияланған баяндамада.
Freedom House 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне кіріскеннен кейін реформаларға уәде бергенін, бірақ үкіметтің әрекеттері уәделерге сәйкес келмейтінін атап өткен. Билік оппозиция өкілдерін қамауға алып, бірқатар ақпарат құралдары үкіметке жақын адамдардың қарамағына өткен.
Баяндамада Қазақстан — Ресей, Беларусь, Иран және Қытай секілді елдермен бір қатарда тұр.
Freedom House мәліметіне қарағанда, қазақстандықтар негізінен Facebook, Instagram әлеуметтік желілері, Telegram және YouTube каналдарындағы пікірлері үшін қуғындалады.
Бұдан бөлек, Қазақстан билігі контентке, ақпараттарға және байланыс технологиялық компанияларға жаңа ережелер енгізген 48 мемлекеттің қатарына қосылған.
Есепте 70 мемлекеттің интернет еркіндігіне баға берілген. Бұл үшін 2020 жылдың маусым айынан 2021 жылдың мамыр айына дейін үш категория бойынша (азаматтардың интернет қолдануына тосқауыл қою, контентті шектеу және қолданушылардың құқықтарының сақталуы) интернет еркіндігі бағаланған.
Freedom House ұйымының мәліметіне сәйкес, интернет еркіндігі Мьянмада, Беларусьте және Угандада бірден нашарлаған. "Интернеті еркін емес" елдердің қатарына Қазақстаннан бөлек Әзербайжан (35), Ресей (30), Өзбекстан (28), Пәкістан (27) және Иран (16) кірген.
"Интернеті еркін елдердің" қатарына Грузия (77) мен Армения (71) бар. Олар алғашқы үштік Исландия, Эстония және Канадамен қатар орналасқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Егемен рунет". Кремль желіні толық бақылауды көксей ме?"Әділ сөз": Әлемде 12 ел ғана әлеуметтік желіні шектейді, олар сөз бостандығы бойынша артта келедіМәжіліс әлеуметтік желілерді шектеуді қарастыратын түзетулерді мақұлдады"Диктатор режимінде сенім, уәде деген болмайды". Саясаттанушы биліктің телефон тыңдауы жайындаКиберқауіпсіздік туралы не білу керек?