Ресей 30 қыркүйектен кейін заңсыз мигранттарды шығармақ

Ресейдегі мигранттар. Көрнекі сурет.

Ресей ішкі істер министрлігінің көші-қон мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Валентина Казакова 30 қыркүйектен кейін заңсыз жүрген мигранттар елден шығарылады деп ескертті.

Биыл маусым айында президент Владимир Путин мигранттардың елде уақытша жүру мерзімін 30 қыркүйекке дейін ұзарту жөнінде бұйрық шығарған. Осы мерзімге дейін мигранттар құжаттарын реттеп алуы тиіс болған.

Ресейдегі көші-қон федерациясының басшысы Вадим Коженов "Коммерсант" газетіне миграциялық орталықтарда кезектің өте көптігін айтқан. Ал "Азаматтық көмек" комитетінің жетекшісі Светлана Ганнушкина ұйымға жүздеген адам келіп шағымданғанын жеткізді.

Оның сөзінше, мигранттардың көбі ресми тіркеле алмай келеді. Олардің дені - ауғандықтар. "Егер бізді елге депортацияласа, тәліптер бізді жазалайды" деп қорқып жатыр дейді.

Валентина Казакованың сөзінше, қазір Ресейде 7 млн мигрант бар. Әдетте 11 млн-ға дейін болады. Бірақ пандемия салдарынан олардың саны қысқарған.

Ресей ІІМ мәліметінше, заңсыз мигранттардың 332 мыңы Өзбекстаннан келген, 247 мыңы Тәжікстаннан, 152 мыңы Украинадан, 120 мыңы Әзербайжаннан, 115 мыңы Қырғызстаннан, 61 мыңы Армениядан, 56 мыңы Молдовадан және 49 мыңы Қазақстаннан келген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мәскеуде бір өзбек мигрантының мәйіті табылды. Оның аузында кірпіш кесегі болғанРесейге барған мигранттар "адалдық келісіміне" қол қоюға міндеттеледіЕңбек мигранттары Ресейден Қазақстанға ойысып жатырРесейде мигрант балаларды мектепке қабылдау бұрынғыдан да қиындадыРесейдің Қазақстанмен шекарасында мыңдаған қырғыз және өзбек мигранты еліне қарай өте алмай тұр