Қазақстан АЭС салуды ұйғарса, Ресей көмектесуге даяр. Қазақстандық мамандарды да осы салаға баулуға әзір. 30 қыркүйекте аймақаралық ынтамақтастық форумы кезінде Ресей президенті Владимир Путин осылай деп мәлімдеді.
"Ресей біздің әріптестерге, қазақстандықтарға да, атом электр станциясын салып, пайдалану бойынша көмегін ұсынады. Мәселе республикада ресейлік үлгідегі АЭС салу жөнінде ғана емес, тұтас саланы қалыптастыру жөнінде болып отыр. Оның ішінде атом энергетикасымен байланысты кадрларды ресейлік оқу орындарында оқыту да бар" деді Владимир Путин.
Ол АЭС-тің экологияға "пайдасын" атап өтіп, ресейлік мамандар технологияның көмегімен станцияларды неғұрлым ауаға аз қалдық шығаратындай жасауға күш салып жатқанын алға тартты.
Ынтымақтастық форумы биыл онлайн форматта өтіп жатыр. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Мәскеу көлеңкесіндегі Нұр-Сұлтан және АЭС арқылы "байлап-матау"Ресей бұған дейін Қазақстанда АЭС салу мәселесін бірнеше рет қозғаған. 2019 жылы сәуірде Владимир Путин Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесуде Қазақстанда "ресейлік технология" бойынша АЭС салу туралы ұсыныс айтқан. Бұл ақпарат Қазақстан қоғамында ірі резонанс тудырды, жұрт ұсынысты сынады. Елде болған наразылық шараларында өзге ұрандармен қатар "АЭС салынбасын!" деген талап та болған. Халық елде салынған АЭС апатқа ұшырай ма деп қауіптенеді. Көп ұзамай Тоқаев "халықтың пікірін ескермей АЭС салу жөнінде шешім қабылданбайды" деп мәлімдеген еді.
Кейінгі кезде билік АЭС мәселесін қайта жиі айта бастады. Биыл қыркүйек айының басында Қасым-Жомарт Тоқаев елге атом электр станциясы қажет деп мәлімдеген. Оның алдында сол кездегі энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Семей ядролық полигоны орналасқан Курчатов қаласында болашақ АЭС салынуы мүмкін екенін айтқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Жемқорлық радиациядан да қауіпті". Қазақстан мен Өзбекстан атом электр станциясын салуға дайын ба?Тәуелсіздікке төнген қауіп, АЭС, цифрландыру. Алматыдағы митингіде не айтылды? Тоқаев: Қазақстанға АЭС қажет, бұл мәселені қарастыратын уақыт келдіБилік халықтың АЭС жөнінде пікірін сұрайды, "түсіндіру жұмыстарына" блогерлер тартылуы мүмкінМинистр АЭС салу жайлы: Халық "жоқ" десе, ешкім ештеңе салмайды