Түркістан облысында медицина мекемесінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе алмағандарға вакцина паспортын сатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы аймақ полициясына сүйенген "Қазақпарат" агенттігі жазды.
Оқиға Қазығұрт ауданында тіркелген.
"Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің кезекшісіне үш тұрғынның вакцина паспортын қолдан жасап алғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Тәртіп сақшылары жағдайды анықтау үшін кешенді түрде қажетті шаралар жүргізді. Нәтижесінде медицина мекемелерінің бірінде екі қызметкердің өкілетін асыра пайдаланып, вакцинаның жалған паспортын жасап сатқаны анықталды" делінген хабарламада.
Күдіктілер полиция бөлімшесіне жеткізілген. 385-бап ("Жалған құжаттарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Соңғы ақпаратқа қарағанда, күдіктілердің жалған паспортты әзірге үш тұрғынға сатқаны анықталған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Билік тұрғындарды вакцина алуға міндеттей бастағаннан кейін вакцинаның жалған паспорты жайлы ақпараттар жиілей бастаған. Вакцина алмағандар жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл әсіресе қызмет көрсету саласында еңбек ететіндерге қатысты.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі заңнамада жалған құжат жасау бойынша 4 жылға дейін түрме жазасы қарастырылғанын, оны пайдаланғандар 40 күнге дейін қамалуы мүмкін екенін ескерткен.
19 млн халқы бар Қазақстанда 6,5 млн адам вакцинаның толық дозасын алған. Олардың қаншасы жалған паспорт пайдаланатыны белгісіз.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Жамбыл облысында ауылдардың бірінде "вакцинаның жалған паспортын 15 мыңнан сатқан"ҰҚК медициналық құжаттарды қолдан әзірлеген цехты әшкерелегенін хабарлады Ақтөбеде Covid жұқпағаны жайлы анықтаманы сатты деп айыпталған дәрігерге үкім оқылдыМаңғыстауда "150 вакцина паспортын сатқан" дәрігерлер мен делдалдар ұсталдыВакцинаның жалған паспортын жасау ісі бойынша тағы 26 іс тергеліп жатыр, 86 адам күдікке ілінді