Бір күнде ковидтен 42 адам қайтыс болды, бір облыс "қызыл аймаққа" оралды

Коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдейтін орталық. Көрнекі сурет.

Кеше, 1 қазанда Қазақстанда 2058 адамның анализінен коронавирус анықталды. 2637 адам коронавирустан жазылып шықты. Сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл аймаққа" қайта оралды.

Жұма күні Алматы қаласында 528 адамнан коронавирус анықталған. Алматы облысында – 317, Шымкентте – 190, Ақтөбе облысында – 171, Ақмола облысында – 165, Нұр-Сұлтанда – 150, Қарағанды облысында 138 адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды.

Сенбі күні "қызыл аймаққа" тағы бір облыс қосылып, барлығы екі қала мен екі облыс болды: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы. Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары "жасыл аймақта". Қалғаны "сарыда" тұр.

Індет басталғалы бері 889 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. Басым бөлігі жазылған. 11 252-і қайтыс болған. 30 қыркүйекте 42 адам көз жұмды. Коронавирус жұқтырғаны расталған 3123 адамның өлімі осы індеттен қайтыс болғандардың статистикасына кірмей қалған.

Денсаулық сақтау министрлігі былтыр тамыздан бері есепке ала бастаған коронавирус пневмониясына шалдыққандар 76 мың адамға жетті. 4844-і қайтыс болған. 29 қыркүйекте коронавирус пневмониясына шалдыққандар арасында 9 адам өлімі тіркелді. 180 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды.

Қазір 59 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 9,8 мыңы – ауруханада. 767 адамның жағдайы ауыр. 229 пациент хәл үстінде жатыр. 147 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

6,6 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алған. 1 млн адам екінші дозасын күтіп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын егу науқаны басталдыБатыс Қазақстан облысында 27 мектеп карантинге жабылдыРесейлік институт "Спутник V" екпесін жасөспірімдерге егуге рұқсат сұрадыМоңғолия вакциналау бойынша көп елден озып кетті. Оған екі нәрсе көмектесті