ДДСҰ өкілі "коронавирус жоқ" Түркіменстанға барды. ҮЕҰ оны ұстанымын бүкпесіз айтуға үндеді

ДДСҰ-ның Еуропадағы бюро жетекшісі Ханс Клюге.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары лауазымды шенеунігі Түркіменстанға барды. Түркімен үкіметі елде коронавирус барын мойындамай келеді.

Түркіменстан СІМ мәліметінше, ведомство басшысы Рашид Мередов ДДСҰ-ның Еуропадағы бюро жетекшісі Ханс Клюгемен "конструктивті" келіссөз өткізген. Кездесу 7 қазанда Ашғабатта болған.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, елде ауруханалар коронавирус белгілері бар науқастарға толған. Клюге сапары осы шақпен тұспа-тұс келіп отыр.

Түркімен билігі коронавирус жоғын айтқанмен аймақтарда қатаң шектеу шаралары енгізілген. Коронавирус белгілері байқалған науқастар көбейген.

6 қазанда бірнеше үкіметтік емес ұйым ашық хат жариялап, Клюгені Түркіменстандағы коронавирус жағдайына байланысты ресми позициясын бүкпесіз айтуға шақырды.

Түркімен Хельсинкі қоры, Түркіменстан демократиялық азаматтық одағы, Түркіменстанның тәуелсіз заңгерлер қауымдастығы, Адам құқығы жөніндегі Түркімен бастамасы мен Turkmenistan.News басылымының дерегінше, елде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал қатты нашарлаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Түркіменстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды міндеттедіКоронавирус "жоқ" Түркіменстанда вакцина салуды бастап, зиратқа баруды шектедіТәжік әйел қажыға баруға жиған ақшасын вируспен күреске жұмсады