Accessibility links

Түркіменстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды міндеттеді


Маска таққан әйелдер. Ашғабат қаласы.
Маска таққан әйелдер. Ашғабат қаласы.

Түркімен билігі 18 жастан асқан азаматтар міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдырады деп мәлімдеді. Бұл жайында елдің ақпарат құралдары хабарлады.

Түркімен билігі пандемия басталғалы бері өлкеде коронавирус жұқтырғандар анықталмады деумен келеді. Ресми түрде бұл елде бірде-бір адам COVID-ке шалдықпаған. Алайда Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшілері елде ауру асқынып, ауруханалар науқасқа толып қалғанын үнемі хабарлап келеді.

Маусым айының соңында түркімен президенті Гурбангулы Бердымухамедов Қытайдың "Синофарм" вакцинасының жарты миллион данасын сатып алу бойынша жарлық шығарған.

Қаңтар айында Түркіменстан ресейлік "Спутник V" және "ЭпиВакКорона" вакциналарын тіркеуден өткізген. Бірақ Ресейдің өзінде вакцина жеткіліксіз болғандықтан, Түркіменстанға аз данасын жіберген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG