Тәжік оппозициясы Рахмонның Еуропаға сапары кезінде наразылық акциясын өткізді

Варшавада наразылық акциясын өткізіп тұрған тәжік оппозииясының өкілдері. 13 қазан 2021 жыл.

13 қазанда тәжік оппозициясының өкілдері Еуропа одағының Варшавадағы өкілдігінің алдында президент Эмомали Рахмонның Бельгияға және Францияға жасаған сапарына наразылық акциясын өткізді.

Олар қолдарына "Рахмон диктатор" және "Авторитарлық елдің басшысы" деген жазуы бар плакат ұстап, тәжік билігін азаптауды тоқтатуға және саяси тұтқындарды бостандыққа шығаруға шақырды.

Бір күн бұрын Эмомали Рахмонның Еуропадағы сапарына қарсы наразылық акциясы Литваның бас қаласы Вильнюс қаласында да өткен. Онда бұл өлкеде босқын мәртебесін алған тәжік билігінің қарсыластары жиналған.

Рахмон Бельгиядағы ресми сапары аяқталғаннан кейін 12 қазанда Парижге барып, 13 қазанда Франция президенті Эммануэль Макронмен кездескен. Онда лидерлер Ауғанстандағы саяси жағдайды талқылаған.

Тәжік президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Эмомали Рахмон Ауғанстандағы жағдайды ретке келтіру бойынша Душанбенің тұрақты ұстанымын тағы қайталап, көрші елде қауіпсіздіктің сақталуы жалпы аймақтағы, оның ішінде Тәжікстандағы тұрақтылықтың маңызды рөл атқаратынын атап өткен.

Эмомали Рахмонның Еуропа өлкелеріне ресми сапары 14 қазанға дейін жалғасады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Талибанға" Тәжікстан ғана ашық қарсы шықты. Рахмонға бұл не үшін қажет?"Мұсылман бауырларды" жаншыған соң билік салафилерге шүйліктіРесейде жүрген тәжік белсенділері із-түзсіз жоғалып жатырТәжікстандағы "Елбасы". Эмомали Рахмон бесінші сайлауға қалай жетті?Авторитар басшылар Беларусьтегі халық толқуынан тіксініп қалды