Ресейде бір күнде коронавируспен байланысты 1002 адам өлімі тіркелді. Бұл індет басталғалы бергі ең жоғары көрсеткіш.
Коронавируспен күрес жөніндегі комиссия өкілдерінің хабарлауынша, 15 қазанда бір күнде тіркелген науқастар саны жөнінен де "рекорд" жаңарып, ұзын саны 33 208 адамнан коронавирус анықталған.
Індет басталғалы бері коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 7,9 млн болды, 222 315 адам коронавирустан қайтыс болған. Ресей әлем бойынша коронавирустан қатты зардап шеккен алғашқы бес елдің қатарында.
Коронавирус жұқса да, өліміне басқа ауру себеп болды деп танылғандарды есепке алатын Росстат агенттігі де пандемия кезінде өте көп адам қайтыс болғанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, індет басталғалы бері 418 мың адам көз жұмған. Егер бұл көрсеткіш Covid дерегіне енгізілсе, Ресей Мексиканы артқа тастап, пандемиядан көбірек зардап шеккен әлемдегі төртінші елге айналады. Кремль Ресейде адам өлімінің көбеюін вакциналау кампаниясының баяу жүргендігімен байланыстырып, адамдарды екпе салдыруға шақырған.
Ресей былтыр үшінші сынақтың толық кезеңінен өтпеген коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып тіркеген, содан бері билік төрт вакцинаны мақұлдаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Ресейлік институт "Спутник V" екпесін жасөспірімдерге егуге рұқсат сұрадыГамалея орталығы "Спутник V" екпесін "дельта" вариантына бейімдеді