Қазақстанда коронавирус пен "ковидтектес" пневмонияға шалдыққандар миллионнан асты.
2020 жылдың наурызынан бері елде 923 060 адамның анализінен коронавирус анықталған. 866 242 адам айыққан. 11 847 адам қайтыс болған.
Халықаралық ұйымдар "ковидтектес" пневмонияға шалдыққандарды Covid статистикасына қосуға кеңес бергенмен Қазақстан бөлек есептеп келеді. 2020 жылдың тамызынан бері 78 309 адам "ковидтектес" пневмонияға шалдыққан. 66 974 адам жазылған. 4988 науқас қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігі тамыздан бері індеттің бәсеңдегенін айтқан. Қазір күніне 1500-2000 айналасында науқас тіркеліп жүр. 20 қазанда 1844 адамның ПТР тесті оң шыққан, 151 адам "ковидтектес" пневмонияға шалдыққан.
Бір күнде 41 адам қайтыс болған: 32 адам – коронавирустан, 9 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған деп айтылады.
Қазір 51 318 адам коронавирустан емделіп жатыр. 8,8 мың адам стационарда жатыр. 634 адамның жағдайы ауыр, 165 науқастың жағдайы өте ауыр, 103 пациент жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Қазақстанда 7,2 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алған. 900 мың адам екінші дозасын күтіп отыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин жеңілдейдіАҚШ Қазақстанға COVID-19 індетімен күрес үшін қосымша 2,4 миллион доллар бөледіМаңғыстау облысында вакцинаның жалған паспортын сатып алған әйел қайтыс болғанБір жыл жеті айдан соң журналистер алғаш рет сенатқа кірдіРевакцинация міндетті ме? Үшінші доза алмасам шектеу бола ма? Сізді мазалаған сұрақтарға жауап