"Талибан" билікке келген соң Ауғанстаннан кеткен ЛГБТ топтары Ұлыбританияға қоныстанды

ЛГБТ құқығын қорғауға арналған шара кезінде адамдар ұстаған гүл. Көрнекі сурет.

20-дан астам ауғанстандық ЛГБТ өкілдері Ұлыбританияға көшіп келді. "Талибан" билікті басып алғалы бері олардың елден кетуіне Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс пен гейлер құқығын қорғайтын ұйымдар көмектескен.

"29 азамат алдағы айларда келетін топтың алғашқы легі деп отырмыз" деді Лиз Трасс 30 қазан күнгі мәлімдемесінде. Трасстың айтуынша, Ұлыбритания "бұл азаматтардың елден шығуына көп күш салған және алдағы уақытта өміріне қауіп төнген ауған азаматтарына елден кетуге шама-шарқынша көмектеседі".

Келгендер арасында Ауғанстанда ЛГБТ қауымдастықтың құқығы үшін күрескен белсенділер мен студенттер бар. Құқық қорғаушылардың айтуынша, "Талибан" билігі тұсында ЛГБТ өкілдері елде бірінші кезекте шабуылға ұшырауы мүмкін топтардың бірі. Көптеген адам кемсіту мен қудалауға ұшырап, шабуылға кезіккен. Аталған топтың Ұлыбританияда қоныстануына Стоунуолл, Майкро Рэйнбоу және өзге де ЛГБТ қайырымдылық ұйымдары көмектеседі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ауған қоғамының біз білмейтін құпиялары ЛГБТ өкілдеріне деген өшпенділік. Қазақстандағы гомофобияның себебі неде?HRW Өзбекстанды гейлерге қысым жасамауға шақырдыӨзбек телеарнасы феминизм мен гомосексуализмді "рухани вирус" деп атап, "соғыс" жарияладыГей жігіттің сұхбатынан соң дәрігерлер арасынан ЛГБТ өкілдерін іздеуге кірісті