Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап жүргендердің наразылығына тоғыз ай болды

Your browser doesn’t support HTML5

Қытайдың Шыңжаң аймағында қалған туыстарын іздеген ондаған қазақстандықтың наразылығына 270 күн болды. Полиция ұстап, әкімшілік жазаға тартылып, миллиондаған теңгеден аса айыппұл салынса да бұл адамдар наразылығын тоқтатар емес. Талап біреу – Қытайда заңсыз сотталып, түрмеде я саяси қайта тәрбиелеу лагеріне қамалған туыстарын босату.