Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 4 қарашада Еуропада COVID-19 таралу көрсеткіші төрт аптада 55 пайызға өскенін мәлімдеді.
"Осындай үрдіс сақталған жағдайда, 2022 жылдың басына таман Еуропа мен Орталық Азияда тағы жарты миллион адам коронавирус құрбаны болуы мүмкін" деп ескертті ұйым.
ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі бағдарламалар директоры Майк Райан бейсенбіде баспасөз конференциясын өткізіп, Еуропаның вакцина салу көрсеткіші өте жоғары елдерінде де науқастар көбейіп бара жатқанын мәлімдеді. Ол мұны әлем үшін "ескерту оғы" деп сипаттады.
Вакцина салу көрсеткіші төмен Шығыс Еуропа елдері де коронавирус жұқтырғандар артқан. Ресей мен Украинада COVID-19 жұқтыру көрсеткіші бойынша тәулік рекордтары жаңарып жатыр.
ДДСҰ-ның Еуропалық аймақ бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбіде аймақ елдері тағы да "COVID-19 пандемиясының ошағына айналды" деп мәлімдеді. ДДСҰ-ның Еуропалық бөліміне 53 ел — Еуропа құрлығындағы мемлекеттер мен Орталық Азия елдері кіреді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Қыркүйекте коронавирус жұқтырған 292 адамның өлімі Covid статистикасына енгізілмедіҚазақстанда коронавирус пен пневмония жұқтырғандар миллионнан астыБішкекте коронавируспен күресте қайтыс болған медқызметкерлерге ескерткіш қойылдыРесейде індет басталғалы бері алғаш рет бір күнде мыңнан астам адам өлімі тіркелді