Accessibility links

Бішкекте коронавируспен күресте қайтыс болған медқызметкерлерге ескерткіш қойылды


Коронавируспен күреске кезінде қайтыс болған медициналық қызметкерлер мен студенттерге қойылған ескерткіш. Бішкек, 19 қазан 2021 жыл.
Коронавируспен күреске кезінде қайтыс болған медициналық қызметкерлер мен студенттерге қойылған ескерткіш. Бішкек, 19 қазан 2021 жыл.

19 қазанда Бішкекте коронавируспен күреске кезінде қайтыс болған медициналық қызметкерлер мен студенттерге ескерткіш ашылды.

Мемориал Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясының алдына орнатылды. Ескерткіш жиналған ақшаға орнатылғаны хабарланды.

Пандемия басталғалы Қырғызстанда алты мыңнан аса медқызметкер Covid дертіне шалдыққан. 123 медқызметкер қайтыс болды. Олардың 79-ы - дәрігер, 44-і - кіші медқызметкер.

Қырғызстанда пандемия басталғалы, ресми дерек бойынша, барлығы 180 мыңнан аса адамға коронавирус жұқты. Covid індетінен 2638 адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG