Тәжікстандағы Таулы Бадахшан автономия облысының төрағасы Едгор Файзов қызметтен кетті. Оның отставкаға кететінін ешкім күтпеген: шенеунік елдегі ең дарынды жетекшілердің бірі саналатын және ең күрделі ауданды басқарған.
Таулы Бадахшан – Ауғанстан, Қырғызстан және Қытаймен шектесіп жатқан Памир тауының бөктерінде орналасқан шалғайдағы облыс.
Едгор Файзовты Таулы Бадахшан басшысы қызметіне 2018 жылғы қазанда президент Эмомали Рахмон тағайындаған. Бір ай бұрын автономиядағы облыс белсенділерімен кездескен Рахмон жергілікті биліктің қылмыстық топтарға қауқарсыздығын сынаған. Мемлекет басшысы аймақта тәртіп орнатуға бір ай уақыт берген. Кейін автономиялық облыстың басшысы Шодихони Жамшед қызметтен алынған.
Едгор Файзов Таулы Бадахшан басшысы болып тағайындалғанға дейін Тәжікстандағы Аға Хан қоры бағдарламаларында жұмыс істеген.
Ол 5 қарашада таңертең Озоди радиосы тілшісімен сөйлесіп, қызметтен кетеді деген мәліметті растамаған, бірақ жоққа да шығармаған еді.
Ёдгор Файзов – 60 жаста. ТБАО басшысы - Тәжікстан парламенті жоғары палатасы төрағасының орынбасары.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Қытай Таулы-Бадахшанда әскери база құрады"Босбелбеу дипломатия". Он жыл бұрын Тәжікстан Қытайға қалай жер берді?Озоди радиосының дереккөзі: Ауғанстандағы "тәжік тәліптер" Тәжікстанға шабуыл жасауға дайындалып жатырТәжікстан ауған босқындарына арналған лагерь тұрғызадыКейінгі 40 жылда сыртқы күштен жеңілмеген Панжшер тәліптерге қарсы тұрды. Соңы не болмақ?