Өзбекстанға кіре алмай 7-8-9 қарашада өзбек-қазақ шекарасында қалып қалған поляк журналисі Агнешка Пикулицка Түркияға ұшып кетті.
Азаттық радиосының Өзбек қызметінің тілшісімен сөйлескен журналист 9 қарашада оны "Жібек Жолы – Гишт-Куприк" бақылау бекетінен Ташкент әуежайына алып барып, күшпен Түркияға жөнелткенін айтты.
Өзбек билігі поляк журналистін елге кіргізбеу себебін түсіндірмеді.
The Guardian, Al Jazeera, The Diplomat және Eurasianet басылымдарында істеген Пикулицка биыл ақпан айында Өзбекстанның СІМ қызметкері өзіне әлімжеттік көрсеткенін, кейін аккредитация алу кезінде қысым болғанын мәлімдеген.
Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі жазда Пикулицканың аккредитациясын әрі қарай созбайтынын хабарлады. Мекеме журналист "елдің заңдарын бұзды" деп түсіндірді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Репрессияны модернизациялады". Қазақстан баспасөз еркіндігі рейтингінде 155-орында"Пандемияны сылтаурату". Орталық Азия мен Еуропа елдері адам құқығын қалай шектеді?Орталық Азия заңдары президентке «тіл тигізгендерді» қалай жазалайды? "Журналист қызметінің маңызын не қоғам, не билік түсінбейді"