13 қараша күні Шымкенттегі Асар-2 ықшам ауданында жекеменшік жарықтың қымбаттығын, газдың жоқтығына наразы тұрғындар жиналды. Ықшам аудандағы электр станциясын ашуға келген қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындардың уәжін тыңдап, осы күнге дейін тұрғындарды қабылдай алмағанына кешірім сұрады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.
Сенбі күні электр станциясы ашылатынын естіген оннан аса тұрғын станцияның ашылуы рәсімі өтетін жерде қала әкімінің келуін екі сағат күтті. Оларды әкімдік қызметкерлері таратуға тырысқанымен, тұрғындар Әйтеновпен тілдеспей кетпейтінін айтты.
- Мына мемлекеттің жарығын күткенімізге 10 жыл болды. Жекеменшік жарық біріне жетсе, екіншісіне жетпейді. Шам жағып отырғаннан да жаман. Қала әкімін осында шақырамыз келмейді, жиналып әкімдікке барамыз кіргізбейді. Әкімдікке сенуден қалдық, - дейді наразы тұрғындардың бірі Жанар Үсенова.
Қала әкімі жиналып тұрған тұрғындарды көріп, мән-жайды сұрады. Газды түрлі себеппен берілмей жатқанын жеткізді.
- Сіздің алдыңызға осы мәселемен бірнеше рет бардық. Жазылдық. Бірақ кіре алмадық. Бір қызметкеріңіз өтірік айтады, бірі телефонын көтермейді, - деді Үсенова. Оны естіген әкім тұрғындардан кешірім сұрады.
Әкімнің айтуынша, газ мәселесі тендерді ұтқан мердігер компаниялардың жұмысында. Шенеунік инфрақұрылымды тарту кезінде мердігер компаниялар жұмысты уақытында орынадамай, соған байланысты газ тарту жұмыстары кешігіп жатқанын айтты. Әйтенов алдағы уақытта әкімнің қабылдауына жазылып, талап бойынша кіре алмаса, «тікелей эфирге шығып, әкім ұстатпайды» деп айтуға шақырды.
Жарық мәселесіне тоқталған әкім ықшам ауданда жарықтың бағаналары орнатылып, электр сымы тартылғанын, енді әр үй өзіне кіргізіп алу қажеттігін айтты. Тұрғындар әкімнің айтқандарын орынды санап, тарасты.
Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, Асар-2 ықшам ауданында 2565 тұрғын үйге жекеменшік компания жарық тартқан. Жарықтың сапасы нашар, бағасы дерлік екі есе қымбат. Электр станциясы ашылғанымен тұрғындарға бірден берілмейді. Тұрғындар үйіне тарту үшін құжаттарын дайындап, басқармаға өткізуі керек.
Қараша айының басында Шымкентте шеткі аудандарында жарық жиі сөнді. Басқарма жарықтың сөнуін KEGOC компаниясының электр энергиясын жіберуді ескертусіз тоқтатқанымен байланыстырады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"90-жылдарға қайтып келдік пе?" Қазақстанда майнер көбейген тұста жарық жиі сөне бастадыKEGOC жетпеген электр энергияны Ресейден импорттайдыАлматыда бірнеше кәсіпорын электр энергиясының шектелуіне байланысты жұмысын тоқтатуы мүмкінKEGOC электр энергиясымен қамтамасыз етуде шектеу жоғын хабарладыӨзбекстандағы ақау салдарынан Қазақстанда жарық сөнген