Бішкекте арзан бағаға көмір сатылатын орындар ашылады

Бішкекте көмірдің тоннасы 3 мың сомнан сатылатын қосымша орындар ашылады. Осылай деп "Қырғызкөмір" мемлекеттік кәсіпорны хабарлады.

Қазір Бішкекте көмір шектеумен сатылып жатыр. Бір отбасы екі тоннадан ғана көмір сатып ала алады.

Президент Садыр Жапаров 15 қарашада Бішкектің Жылу электр орталығы-2 компаниясы жақында тұрғындармен кездескен кезде, үкімет Кара-Кече кенінен қазылған көмірді 3000 сомнан сататынын мәлімдеген.

Өлкеде суық түскеннен отынның бағасы қымбаттаған. Соған қарамастан тапшылық байқалады.

Ресми мәліметке қарағанда, қараша айында Қырғызстанда көмірдің бір тоннасы 5 942,9 сомды (шамамен 30 мың теңге немесе 69 доллар) құрап, қазан айымен салыстырғанда 14,7 пайызға қымбаттаған.

Көмір Ош облысының Ноокат ауданында ең қымбат сатылып жатыр, бір тоннасы 10 мың сом. Ал Баткенде 9 344,7 сом болса, Исфанада 8 746,4 сомнан сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы маңайында көмір іздеуші көбейдіАлматыда күн суытты. Тағы да көмір тапшыБіреуі газға, біреуі көмірге зәру. Орталық Азия қысты қалай өткермек?Қырғыз үкіметі Бішкек ЖЭО-ға көмір жеткізуді қазақ компаниясына жүктеді"Қыс жақын, газ әлі жоқ". Сарыағаш ауданында ондаған адам газ қосуды талап етті