Азия-Тынық мұхит аймағының мүше мемлекеттері Біріккен ұлттар ұйымының адам құқығы бойынша кеңесі төрағасының 2022 жылдағы орынбасары қызметіне ұсынылған Өзбекстан азаматы Ұлықбек Лапасовтың кандидатурасына бірауыздан қолдады. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін 39 жастағы Ұлықбек Лапасов Өзбекстанның БҰҰ-дағы және Женевадағы өзге де халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі болып істеген.
Адам құқығы бойынша бюро кеңес төрағасы мен оның түрлі географиялық аймақтан ұсынылған төрт орынбасарынан тұрады. Орынбасарларының өкілеті бір жылмен шектеледі. Адам құқығы бойынша кеңестің Азия-Тынық мұхит аймағына 56 мемлекет мүше.
2020 жылы Өзбекстан алғаш рет Адам құқығы бойынша кеңестің 2021-2023 жылдардағы мүшесі болып сайланған.
Адам құқығына қатысы бар мәселелерді талқылайтын БҰҰ жанындағы адам құқығы кеңесіне 74 ел кіреді. Оған биыл қазанда Қазақстан да кірген.
Өзбекстан халықаралық ұйымдар жасаған адам құқығы мен демократия жөніндегі баға рейтингінде "авторитарлық режимдер" тізіміне тұр.