Алматыда тәртіпсіздік кезінде қаза болған қырғыз азаматы Азиз Мусаевтың денесі туыстарына тапсырылды. Қырғызстан СІМ хабарлауынша, туыстары оны Алматыда жерлеуді жөн көрген.
Министрліктің мәліметінше, оқиға кезінде қаза болған екінші қырғыз азаматы Бақтияр Базарбаевтың денесін туған еліне жіберу мәселесі қазір шешіліп жатыр.
Қырғызстан азаматы Азиз Мусаев кейінгі жылдары Алматыда фитнес-тренер болып істеген. Ол 6 қаңтарда қалада тәртіпсіздік болған кезде қаза болған. Бақтияр Базарбаев жайлы мәлімет аз. Оның Қазақстанда жолаушыларды тасымалдау саласында жұмыс істегені ғана белгілі.
Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде көрші Қырғызстанның кемінде екі азаматы қайтыс болған. Қазақстанда өткен аптадағы оқиғаларға қатысы бар деген күдікпен ұсталған бес қырғыз азаматы қамауда отыр. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі бұған дейін Нұр-Сұлтанға наразылық нотасын жолдаған.
9 қаңтарда Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов ұсталған. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланды. Қырғызстан президенті мен қырғыз арнайы қызметінің басшысы да осыған қатысты мәлімдеме жасады. 10 қаңтарда кешке музыкант Бішкекке оралды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Оқ ішіне тиген". Шымкенттегі наразылыққа барған жігіттің қалай қаза тапқаны белгісізҚазақстан арналары "митингіге Қырғызстаннан келген жұмыссыз адамды" көрсетті. Бұған Бішкек қарсыНазарбаев пен Тоқаевтың "баррикадасы", Қырғызстан жолдаған қарсылық нотасыҚұқық қорғаушылар Қазақстанда ұсталған қырғыз азаматтарын қорғау үшін БҰҰ-ға шағымданадыҚаңтардағы оқиға кезінде тағы бір қырғыз азаматының қаза болғаны хабарланды