Еуропа қайта құру және даму банкі Сауда-саттыққа көмек көрсету бағдарламасы аясында Өзбекстанның төрт банкіне 210 миллион АҚШ доллары көлемінде несие берді.
Ақпаратқа қарағанда, 60 миллион доллар – "Асака", 30 миллион доллар – "Ипотека-банк", 40 миллион Ұлттық банк және 80 миллион "Өзпромстройбанкке" бөлінген.
Халықаралық қаржы институтының мәлімдеуінше, несие өзбек Украинадағы соғысқа байланысты пайда болған дағдарысты жеңуге жәрдем береді.
Бүгінгі күнге дейін Еуропа қайта құру және даму банкі Өзбекстанға 106 жоба бойынша 2,85 миллиард доллар инвестиция салған.
Украинадағы соғыстың әсері Өзбекстанға да тиіп, елде азық-түлік қымбаттаған.
Ресей агрессиясына байланысты Украина бірқатар азық-түлік түрлерін экспорттауға шектеу қойып, бидай, жүгері, тауық еті, жұмыртқа және өсімдік майы экспортына тыйым салған.
14 наурызда Ресей үкіметі де ЕАЭО-ға мүше елдерге бірқатар азық-түлікті экспорттауға тыйым салды. Бұл шектеулер Өзбекстан экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Себебі Өзбекстан негізгі азық-түлікті Қазақстаннан сатып алады. Қазақстан ЕАЭО-ға мүше болғандықтан, Ресейде бұл өлкеге азық-түлік экспортталмай қалады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ресейдің Украинаға шапқыншылығы Орталық Азияға да қатты тиді