Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев денсаулығына байланысты сот залында отыра алмайтынын айтып, өзін алып кетуді талап етті.
2020 жылдағы Қазан оқиғалары бойынша сот процесіне қатысып жатқан Атамбаев қазір омыртқасында үш жарықшағы бар екенін, отыра алмайтынын айтып, камераның әйнегін ұрғылады.
"Мені судья сотқа қатыстырмайды деп сенем, онда осындай құқық бар. Мені өмір бойы жазаға кес, бірақ мені қинауды тоқтатыңдар", - деді Атамбаев.
Осыдан кейін оны сот залынан алып кетті.
Осының алдында сот отырысы кезінде экс-президент өзін нашар сезініп, жәдел жәрдем алып кеткен.
Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған Атамбаевқа "Батукаев ісі", Кой-Таш оқиғалары, Қазан оқиғалары бойынша айыптар тағылған. Бұдан бөлек көлеңкелі қаражатты заңдастыру, Бішкек Жылу электр орталығын модернизациялау, Калыс-Ордо ауылындағы мектеп құрылысына бөлінген ақшаны ұрлау, төлқұжаттарды заңсыз жазып беру секілді айыптар тағылған.
Қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты 2013 жылы түрмеден заңсыз босатты деген айыппен Атамбаев жақында 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Қалған істері бойынша сот ісі жалғасып жатыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Адвокат Алмазбек Атамбаевқа қарсы жаңа іс қозғалғанын хабарлады"Ханституция". Қырғызстан Конституциясының жобасы неге сынға ұшырады?Қырғызстандағы саяси өзгерістер Қазақстан мен ОА елдеріне қалай әсер етеді? Қырғыздың жаңа билігі "Райым миллионды" үйқамаққа алды. Матраимовтың ұсталуының астарында не бар? Қырғызстан президенті қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді