Еуроодақ Ресей мұнайына эмбарго жариялайды

Еуроодақ Украинада соғыс басталғалы бері қабылданып жатқан санкциялардың алтыншы пакеті аясында Ресейге қарсы мұнай эмбаргосын енгізуді көздеп отыр.

ЕО елдерінде үш мемлекеттік телеарнаны көрсетуге, Сбербанкке тыйым салады, сонымен бірге тағы екі ірі банк халықаралық SWIFT банкаралық жүйеден ажыратылады. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен осылай деп хабарлады.

Еуроодақ Киев түбіндегі Бучадағы әскери қылмысқа қатысы бар ресейліктердің тізімін жасап, оларды жауапқа тартуды көздеп отыр. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, Орыс православ шіркеуінің патриархы Кирилл (Гундяев) де санкция тізімінде бар.

Мұнай эмбаргосына Венгрия мен Словакия қосылмайды. Бұл елдер орыс экспортына тәуелді. Олар Ресейден 2023 жылдың соңына дейін мұнай сатып ала алады.

Санкция жүзеге асу үшін оны ЕО елдерінің бәрі мақұлдауы тиіс. Мұның алдында мұнай импортын шектеуге Венгрия қарсы шыққан, бірақ оған дейін Будапешт шектеу туралы ұсыныстарды қолдап келген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соғыстың 70-күні: Батыс Украина жеңеді деп сенеді"Тәуелділіктен құтылудың ауыр өтемі". Еуроодақ Ресей газынан бас тарта ала ма?"Мен қарсымын, ал ол қолдайды". Украинадағы соғыс қазақстандықтарды жікке бөлді ме?