Өзбекстан Ауғанстанмен шекарада атыс болғаны жайлы ақпаратты терістеді

Шекарадағы жағдайды таныстырып тұрған қызметкер.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі 4 мамырда ауған-өзбек шекарасында атыс болды деген әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

"Желілерде жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Шекарада жағдай тұрақты. Күзет штатты режимде жұмыс істеп тұр",- делінген мәлімдемеде.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған материалда, атыс салдарынан өзбек шекарашылары қайтыс болды деген ақпарат тараған.

Өзбекстан СІМ-нің айтуынша, "Талибан" баспасөз хатшысы Забихулла Муджахед те атыс туралы ақпаратты терістеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Орталық Азия елдері шекара түбінде тәліп әскерінің күшейгеніне алаңдайдыТалибан Ташкентті ауған тікұшақтарын қайтаруға шақырдыТәліптер дос па, қас па? "Талибанға" жылы қабақ танытқан Өзбекстан өз аумағында исламшыл топтарды қыса бастадыӨзбекстан ауғанның Мазари-Шариф әуежайын қалпына келтіредіӨзбек сыртқы істер министрі: Тәліп идеологиясының экспортынан қорықпаймыз