Ұлыбритания Украинаға 1,6 млрд доллар көлемінде әскери көмек береді, деп жазды Reuters агенттігі.
Бұл осыған дейін берілген көмектен шамамен екі есеге көп. Британ үкіметі мұның Ирак пен Ауғанстандағы соғыстан бергі ең ірі қаржылай көмек екенін атап өтті. Бірақ оның жай-жапсарына тоқталмады.
"Путиннің қатыгез шабуылы Украинаны қиратып қана қойған жоқ, ол Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіріп отыр" деді Джонсон.
АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйде сөйлеген сөзінде Украинаға 33 млрд доллар көлемінде қосымша көмек көрсету жөнінде Конгреске өтініш жібергенін айтты.
Бұл соманың 20 миллиарды – Украина мен көрші елдеріне қару-жарақ пен әскери жабдықтар алуға, 8,5 миллиарды - экономикалық қолдауға, 3 миллиарды гуманитарлық көмекке жұмсалады. Бұл шешімді Конгресс қолдауы тиіс. Осыған дейін АҚШ билігі соғыс біткенге дейін Украинаны қолдауға әзір екенін мәлімдеген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Путин соғыста жеңсе, мұнымен тоқтап қалмайды". Ресей соғысы мен пропагандасын зерттеген ғалыммен сұхбатҚытайдың Украинадағы соғыс жайлы ақпараттық саясаты қалай өзгерді?Соғыстың 70-күні: Батыс Украина жеңеді деп сенеді"Тәуелділіктен құтылудың ауыр өтемі". Еуроодақ Ресей газынан бас тарта ала ма?"Мен қарсымын, ал ол қолдайды". Украинадағы соғыс қазақстандықтарды жікке бөлді ме?