Қытай кемелері Жапония бақылауындағы аралдарға кіріп кеткен

Сенкаку архипелагы.

Қытай жағалау күзетінің төрт кемесі Жапония бақылауындағы Сенкаку аралдары аумағына кірді. Бұл жөнінде жапон ақпарат құралдары жазды.

Жапонияның жағалау күзеті Қытай кемелерінен бірнеше рет аймақтан кетуді талап етіп, ескерту жасады. Шамамен бір жарым сағаттан соң Қытай кемелері Токио бақылауындағы аймақтан бірінен соң бірі шығып кетті.

Сенкаку – Тайваньның солтүстік–шығысына қарай 170 шақырым жерде орналасқан Шығыс Қытай теңізіндегі архипелаг. Аралдар Жапонияның Окинава префектурасына қарайды. Бірақ оған Қытай мен Тайвань таласып жүр.

1895 жылы Жапония Қытайды жеңгеннен кейін архипелаг Жапонияға өткен. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аралдарды АҚШ бақылауына алған, кейін Жапонияға қайтарды. Токио Тайваньға дауласу құқығынан бас тартқан. Сол себепті Пекиннің ойынша, Жапония архипелагты Қытай мен Сенкакуға қайтаруы тиіс.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін АҚШ, Батыс елдері және Жапония Қытай Тайвань дауын реттеуде "ресейлік сценарийді" қолдануы мүмкін деген қауіп айтқан. Тайвань 1949 жылы азаматтық соғыс кезінде Қытайдан бөлінгенін мәлімдеген. Бірақ Пекин Тайвань тәуелсіздігін мойындамайды және оны өзінің провинциясы санайды. Аймақтың әкімшілік статусы реттелген жоқ.

Окинава префектурасы Қытайдың Тайваньмен территориялық дауына ілініп кетуден қауіптенеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жапония Курил аралдарын Ресей басып алған аумақ деп атайдыҚытай сыртқы істер министрлігі: Тайвань – Украина емесБатыс елдері Украина мен Ресейді бітістіргісі келеді. Қытай ше?2022 жылы Қытайды не күтіп тұр?