Соғыс басталғалы бері Украина аумағында кемінде 4113 бейбіт тұрғын қаза болған, 264-і – бала. Бұл жөнінде БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар кеңсесінің хабарламасында айтылады.
Донецк және Луганск облысында ұзын саны 2337 адам қаза болған, 144-і – ресейшіл сепаратистер бақылауындағы ауданда тұрған.
Соғыс кезінде 5 мыңға жуық адам жараланған, 421-і – бала. Қаза болғандар мен жараланғандардың басым бөлігі әуе соққысы кезінде немесе атқылаулар кезінде опат болған немесе жараланған.
БҰҰ пікірінше, қаза болғандар бұдан да көп, себебі көп хабарлама әлі тексерілмеген. Ұрыс жүріп жатқан аймақтан ақпараттар кешігіп жетеді. Бұл бейбіт тұрғындары қырғынға ұшыраған Мариуполь, Изюм, Попасная сияқты елді мекендерге қатысты.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Заңгерлер Ресейді украин халқына геноцид жасауға талпынғаны үшін айыптады"Өзін жек көретіндер үшін жанын пида етті". Мәскеу Украинадағы соғысқа Ресей қазақтарын да салып жатырУкраина экс-президенті Петр Порошенко: Путин тек күшті мойындайдыРесей басып алған жерде украин шенеуніктерін тұтқындап, қысастық жасайдыМәскеудегі парадта Путин Украинаға шабуылды "ескерту соққысы" деп атады