Ұлттық банк: Қазақстанда жылдың аяғына қарай инфляция 15 пайызға дейін жетеді

Алматының Көк базарында жүрген адамдар. Көрнекі сурет.

Қазақстан Ұлттық банкі елде 2022 жылдың аяғына қарай инфляция 13-15 пайызға жетеді деген болжам жасап отыр.

"2022 жылдың аяғына дейін импорт өнімдерін қайта құрылымдап, елеулі сыртқы инфляциялық қысым жасалып, әлемде азық-түлік тауарлары қымбаттап, сонымен бірге оң фискалдық серпін болған тұста инфляция 13-15 пайыз ұлғайған диапазонда қалыптасуы мүмкін" деп болжайды Ұлттық банк 2022 жылғы маусымға арналған ақша-несие саясаты туралы есебінде.

Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, 2023 жылы инфляция 7,5-9,5 пайызға дейін бәсеңдейді, ал 2024 жылы инфляция мақсатты дәліздің жоғарғы шегіне, яғни 8 пайызға жетеді деген болжам жасалып отыр.

Мамыр айында Қазақстан Ұлттық банкі елде барлық компоненттер бағасы өскен тұта инфляция қарқыны 13,2 пайызға дейін жетті деп хабарлаған. Сол жолы Ұлттық банк жылдың аяғына дейін «инфляция жоғары деңгейде болады» деген болжам айтқан еді.

20 мамырда ТМД елдерінің үкімет жетекшілерінің кезекті отырысында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смаилов достастық елдерін азық-түліктің қымбаттауына қарсы күш біріктіруге шақырған.

Биылғы сәуірде Қазақстанның ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Еуразия экономика одағы елдері арасында Қазақстан инфляция өсімі көрсеткіші бойынша Армениядан кейін екінші орынға шыққан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ауыл шаруашылығы министрі Қарашүкеев Қазақстандағы қант қымбатшылығын әлемдегі бағамен байланыстырды"ЕАЭО-дан шығу керек". Билік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма?Ақтөбеде жиырмадай әйел қымбатшылықты айтып, облыс әкіміне келді"Доллар бағамы түскенімен, баға өзгермеді". Инфляция және рубльге байланған теңгеАқтауда бір топ адам алаяқтық пен қымбатшылыққа шағымданды