Нобель сыйлығы иегері Дмитрий Муратов жаңа журналистік жоба бастағанын мәлімдеді

Ресейлік "Новая газета" басылымының бас редакторы, Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Дмитрий Муратов журналистерге сұхбат беріп тұр.

Ресейлік "Новая газета" басылымының бас редакторы, Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Дмитрий Муратов жаңа журналистік жоба бастағанын мәлімдеді. Мәскеу Украинаға соғыс ашқаннан кейін көп ұзамай "жалған ақпарат таратқандарға" қылмыстық жауапкершілікті қатайтқан соң, "Новая газета" редакциясы жұмысын тоқтататынын мәлімдеген.

"Ешнәрсеге қарамастан, сіздер үшін жаңа журнал әзірлеп жатырмыз, ол – жұмысы тоқтаған басылымның қосымшасы. Ол "НО" деп аталады. Осындай атаумен YouTube-каналды да іске қосамыз" деген Муратовтың оқырмандарға арналған сөзін келтірген "Медуза" басылымы.

Муратов жаңа жоба жайлы басқа ештеңе демеген.

Ресейде 1993 жылдың сәуірінен бері шығып келген, елдегі оппозициялық басылымдардың арасында ең көп оқылатын "Новая газета" биыл наурыздың аяғында "Украина аумағындағы арнайы операция тоқтағанша" жұмысын тоқтата тұратынын мәлімдеген. Оған дейін Роскомнадзор Украинадағы соғыс туралы материалдары үшін "Новая газета" басылымына екі рет ескерту жасаған.

"Новая газета" 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Кремльге бағынышты емес бұқаралық ақпарат құралдары ішінде Ресей аумағында бұғаттаудан аман қалып келген санаулы басылымның бірі еді. Газет билік талабына көніп, "соғыс" сөзінің орнына "арнаулы операция" сөзін қолданып келді. ​Ресей билігі Украинаға қарсы "арнаулы әскери операция" жүргенін айтып, "соғыс" деген сөзді қолдануға тыйым салған.

Бірқатар басылым Ресейдегі әскери цензураға байланысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Роскомнадзор" Ресейде медиаресурстарды әлі де жаппай бұғаттап жатыр

7 сәуірде "Новой газетаның" бас редакторы Дмитрий Муратов шабуылға ұшырады – біреу оған ацетен араласқан бояу шашып кеткен. Бас редактордың айтуынша, әлгі адам: "Муратов, мынау саған біздің жігіттер үшін" деп айқайлаған. Кейін дәрігерлер Муратовтың көзіне зақым келген деген диагноз қойды. Бұл шабуылды зерттеген "Новая газета" шабуыл жасаған адам кім екенін анықтаған. Басылым дерегінше, журналиске шабуылдаған – "Ресей десантшылары одағы" қоғамдық ұйымына қатысы бар Николай Трифонов деген адам. Дмитрий Муратовқа жасалған шабуылға байланысты қылмыстық іс әлі қозғалған жоқ.

Маусым айында Дмитрий Муратов былтыр қазанда өзіне табыс етілген халықаралық беделді сыйлық – Нобель медалін аукционға қойды. Журналист медаль сатудан түскен қаржыны Украинадағы соғыста зардап шеккен балаларға аударатынын айтты. Аукцион саудасының қорытындысы 20 маусымда Нью-Йоркте белгілі болмақ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Нобель сыйлығының иегері Дмитрий Муратовқа шабуыл жасалды"Медиазона": Бізді соғыс жайлы ақпарат таратқанымыз үшін жаптыРесейде бірқатар тәуелсіз БАҚ сайттары қиындықпен ашылады, кейбірі жабық"Соғысқа жол жоқ". Ресей азаматтарының Украинадағы соғысқа қарсылығыРесей биыл мемлекеттік ақпарат құралдарына көп қаражат құйды