Қазақстандағы ең ірі мұнай кеніштерінің бірі Теңізде 6 шілдеде жарылыс болып, екі жұмысшы қаза болды, үш адам ауруханаға түсті. Бұл жөнінде Атырау облысы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.
"6 шілдеде сағат 9.55 шамасында Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде құбыр жарылып, соның салдарынан 1985 жылғы екі жұмысшы қаза болды. Түрлі дәрежедегі жарақат алған үш жұмысшыға медициналық көмек көрсетіліп жатыр" деп жазылған полиция хабарламасында.
"Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Теңіз кеніші Құлсарыдан - 120 шақырым, Атыраудан 340 шақырым жерде орналасқан. Оны игеретін "Теңізшевройл" Қазақстанда 1993 жылдан бері істейді. "Теңізшевройл" мұнай өңдеу концерніне Chevron (50 % акция), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), қазақстандық "ҚазМұнайГаз" (20%) және LUKArco (5%) компаниясы кіреді.
Қазақстанда өндірілетін мұнайдың үштен бірі Теңізден шығады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Атыраудағы Теңіз кенішінде ауаға күкірт түтін тарадыҚұлсары тұрғындары облыс билігіне келіп, апатты үйлерінің орнына баспана талап еттіКаспий кенішін игеру жобасынан екі ірі инвестор шығып кеттіТеңіздегі жанжалдан соң Ливан мен Иордания азаматтары еліне қайтқаны хабарландыТеңіз кенішінде не болды?