Баку Мәскеуді Қарабақ келісімін бұзды деп айыптады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

Ресей Қарабақ бойынша бейбіт келісімдегі кепілдік шартын бұзды. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев осылай деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Армения әлі күнге дейін әскерін аймақтан әкетпеген. Осылайша атысты тоқтату туралы декларация шарттарын орындамаған. Ал Ресей бітімгерлері армян күштерінің әрекетін құптап отыр.

Әзербайжан президентінің айтуынша, бірнеше ай бұрын Бакуға Ресей қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі барған. Ол армян жасақтарын әкету туралы келісімдегі пункт маусым айына дейін орындалатынын айтқан.

"Шілденің ортасына жеттік, мәселе әлі шешілмеді" деді Әлиев. Оның сөзіне қарағанда, Армения әскерін әкетпесе, Әзербайжан жағы қол қусырып отырмайды.

Ресей қорғаныс министрлігі бұған қатысты түсініктеме бермеді.

Армения мен Әзербайжан арасында қақтығыс 2020 жылы күзде қайта ушыққан. 44 күнге созылған соғыстан кейін Баку мен Ереван Мәскеудің араағайындық жасауымен атысты тоқтату туралы келісімге келген.

Ереванда оппозиция наразылығын тудырған келісімге сәйкес, Баку Қарабақтағы бірнеше ауданды өзіне қайтарды. Келісім бойынша, атысты тоқтату туралы режимнің сақталуын ресейлік бітімгерлер қадағалауы тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әзербайжан Армениядан жерін қайтарып алды, бірақ халқы ол жерде тұруға асығар емес. Неге?Армения мен Әзербайжан Қарабақ қақтығысын еске алдыҚарабақта ресейлік бітімгер сарбаздар отырған көлік жарылды"Әскери төңкеріске талпыныс", Пашинян отставкасын талап ету. Арменияда не боп жатыр?Таулы Қарабақ: "Мәйітті қорлап, зираттарды бұзды" деп күдікке ілінген әзербайжан офицерлері қамалды