Шолпан-Атада Тоқаевтың қатысуымен Әуезовтің бюсті ашылды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезовтің бюстінің ашылуында. 21 шілде 2022 жыл.

Бүгін, 21 шілдеде Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің үй-мұражайы алдында оның бюсті ашылды. Шараға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұл туралы Қырғызстан мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігіне сілтеме жасап, Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Іс шараға Қырғызстанның экс-президенті Роза Отунбаева да қатысты.

Қазақстан президенті Тоқаев (ортада) және Қырғызстанның экс-президенті Роза Отунбаева (оң жақтан санағанда екінші) Әуезов мұражайының алдында тұр. 21 шілде 2022 жыл.

Музейдің мәліметіне қарағанда, Әуезов 1959-1961 жылдары Шолпан-Атадағы осы үйді тұрған. 1970 жылы Әуезовтің ұрпақтары үйді Шолпан-Ата мұражай қорына берген. Осыдан соң мұнда Әуезов мұражайын ашу туралы шешім шығарылды.

Тоқаев Шолпан-Атаға Орталық Азия елдері президенттерінің кезекті саммитіне қатысу үшін барған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Орталық Азия елдерінің басшылары достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдыТоқаев Орталық Азия аумағында ортақ телеарна немесе жаңалықтар сайтын ашуды ұсынды