23 шілдеден бастап Қазақстан астанасында COVID-19 жұқтырғандар көбеюіне байланысты карантин талаптары күшейеді. Нұр-Сұлтанның бас санитары тұрғындарды адам көп жиналатын жерлерде медициналық маска тағып жүруге шақырды.
Сауда және ойын-сауық орталықтарында, автовокзалдарда, жабық базарларда, қоғамдық көлікте маска тағып жүру туралы кеңес айтылды.
Жүкті әйелдер мен вакцина салуға денсаулығы жарамайтындарды қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Оннан астам адам қатысатын жиналыстар онлайн форматта өтеді.
Коронавирус таралу қаупі жөнінде астана "сары аймаққа" енді. Республикалық маңызы бар қалған қалалар мен аймақтар "жасыл аймақта" тұр. Алматы қаласы өткен аптада "сары аймақта" болған. Сол кезде жергілікті билік тұрғындарға қоғамдық орындарда медициналық маска тағып жүруге кеңес берген.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 шілдеде елде 2480 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
2020 жылы індет басталғалы бері Қазақстанда 1 326 190 адам коронавируспен ауырған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Қазақстанда бір күнде 2 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталдыКоронавирус: Денсаулық сақтау министрлігі күніне 4 мың науқас тіркелуі мүмкін деп болжайды Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қайта көбейдіҚазақстанда коронавирус қайта күшейіп келеді Коронавирустың қайта күшеюіне байланысты Алматыға маска режимі енгізілді