Соғыс жағдайында украин порттарынан астық алып шыққан алғашқы кеме Түркия жағалауларына қиындықсыз жетті.
Анкараның мәлімдеуінше, шілде айында Стамбулда Украина және Ресей биліктері өкілдерінің қатысуымен жасалған келісімге сәйкес, украин порттарынан орташа есеппен күніне бір жүк кемесі жолға шығады.
Сьерра-Леоне туы ілінген Razoni кемесі 1 тамызда Одессадағы порттан Түркияға қарай бет алды. Жүк кемесіне тиелген 26 мыңнан астам жүгері Ливанға жеткізіледі. 36 сағат бойы жүзген кеме сейсенбі күні кешке Босфорға кіретінге жерге тоқтады, деп жазды Reuters.
Келесі күні таңертең кемедегі жүкті Стамбулдағы Бірлескен үйлестіру орталығының делегациясы тексереді. Оның құрамына украиндар, ресейліктер, түрік қызметкерлері мен БҰҰ өкілдері кіреді.
Украинаның азық-түлігін әлем нарығына шығару жөніндегі келісім азық-түлік дағдарысын жеңілдету мақсатында жасалған.
Ресейдің Украинамен соғысының кесірінен Қара теңіз порттарында экспортқа арналған миллиондаған тонна азық-түлік жиналып қалды. Киев жағдайға Ресейді кінәласа, Мәскеу астық тиелген кемелер акваториядағы украин миналарынан шыға алмай отыр деп мәлімдеген. БҰҰ Африка мен Азиядағы кедей елдерде аштық болуы мүмкін екенін ескерткен.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Украина астығын тиеген алғашқы жүк кемесі Одесса портынан шықтыОдесса портына соққыдан кейін Украина Ресейді астық туралы келісімді бұзды деп айыптадыСтамбулда украин астығын теңіз арқылы тасымалдау туралы келісімге қол қойылдыЗерттеу: Ресей Украинадан ұрланған астықты Қырым арқылы шетелге шығарып жатыр "Үлкен жиырмалық" кездесуі: Дипломаттар Ресей басқыншылығына байланысты ортақ мәмілеге келе алмай тарасты