Биыл күзде Қазақстанда Ресейдің екі жоғары оқу орнының бөлімшесі ашылады. 5 тамызда жарияланған үкімет қаулысында осылай деп жазылған. Алматы қаласында – Мәскеу инженер-физика институтының филиалы (МИФИ), ал Атырауда И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің бөлімшесі ашылады.
"Биыл қазан айында аталған жоғары оқу орындары филиалдарының базасында "Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері", "Элементар бөлшектер физикасы және ғарыш физикасы", "Мұнай мен газды іздеу және барлау", "Мұнай және газ кен орындарын игеру, пайдалану және кешенді механикаландыру мен автоматтандыру", "Мұнай және газ тасымалдау" сияқты мамандықтар бойынша кадрларды дайындау басталады. Оған 200 грант бөлінді. Оқу процесіне жетекші ресейлік профессорлар тартылмақ" деп жазылған қаулыда.
Ақпан айында Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда Ресейдің бес университетінің филиалын ашу жоспары барын айтқан. Оның алдында 28 қаңтарда "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқитын қазақстандық студенттерге арналған оқу орындарының тізіміне бес ресейлік оқу орны қосылған еді: Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, Ұлттық ядролық зерттеу университеті, Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу физика-техникалық университеті.
Жыл басында ірі бизнес өкілдерімен кездесу кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" бағдарламасын Ресейдің техникалық жоғары оқу орындарына қарай бағдарлау қажеттігін айтқан. Ол мемлекеттік "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында Ресей білімін "өте жақсы" деп атаған.
Дегенмен әлемнің 100 университеті рейтингісіне Ресейдің тек бір оқу орны ғана – Мәскеу гуманитарлық университеті кірген. Осыған дейін Ресей жоғары оқу орындарының әлемдегі беделді 100 университет тізімінде жоқ екеніне қарамастан не үшін "Болашақ" бағдарламасын соған бағдарлау қажет болды?" деген сұраққа министрлік өкілдері "арнайы пән бойынша рейтингтерді" қарауға кеңес берген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Мәскеуге ілтипат". Назарбаевтың "Болашағын" Тоқаев не үшін өзгертті?Қазақстандағы шенді-шекпенділер мен жақындары университеттерді қалай иеленді?