АҚШ Украинаға $775 млн қаражат әскери көмек береді

АҚШ-тың танкілерді жоятын қуатты қаруы Javelin жүйесін украин жауынгерлері қолданып жатыр.

Пентагон өкілдері АҚШ Украинаға тағы жаңа әскери көмек пакетін әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Пакеттің жалпы құны 775 млн доллар. Украинаға жеткізілетін қару-жарақ арасында 105-миллиметрлік гаубица (16 дана), барлау мақсатында қолданылатын Scan Eagle дроны (15 дана), бронды техника, танкілерді жоятын Javelin жүйесі (1000 дана) мен оған қажет оқ-дәрілер бар.

Осылайша АҚШ-тың Ресей басқыншылығы басталғалы бері Украинаға берген көмегі 10,6 млрд долларға жетті.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне алты айға жуықтады. Қазір Ресей армиясы Донецк, Луганск, Херсон облысының бір бөлігі сонымен бірге Запорожьені басып алды. Әскери сарапшылар қазір майданда ұрыс бәсеңдегенін, шабуылға шығатындай екі жақта да дәрмен қалмағанын айтады.

  • Ресей билігі "қақтығысты ушықтырып жібереді" деп Батыстың Киевке қару-жарақ беруін сынаған. Ресей сыртқы істер министрлігі Батыс елдері Украинаға шабуыл жасайтын қару-жарақтар жеткізсе, Ресей "арнайы операцияның географиялық міндеттерін" ұлғайтады деп мәлімдеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Сіздерді кемсіткен жоқ па?" Ресей институты Қазақстандағы "отандастарына" сұрақ қойып жатырРесей паспортын беріп, рубль енгізіп жатыр. Оккупациядағы Херсонның ахуалыУкраина армиясы Луганск облысында Ресей жалдамалы әскерінің базасына соққы жасадыЗеленский қысымға ұшыраған Ресей азаматтарына босқын мәртебесін ұсындыПутин Украинадан кейін Қазақстанға көз тіге ме? Мәскеу мен Пекин қазақ мұнайы үшін дауласты ма?