Шыңжаңдағы туыстарын Қазақстанға қайтаруды талап етіп, Қытайдың Қазақстандағы консульдығы алдында наразылық шарасын өтікізіп жүрген Байболат Күнболатұлы мен Ақиқат Қалиолла Медеу аудандық сотының шешімімен 15 күнге қамалды. Бұл туралы Азаттыққа Ақиқат Қалиолланың өзі хабарлады.
Олар Қытайдың Алматыдағы консулдығы маңына аптасына бірнеше рет келіп, наразылық білдіргені үшін "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бабымен (488-бап 11-бөлігі) айыпталған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Әкемнің жерленген жерін білмеймін, анам мен інілерімнен хабар жоқ". Шыңжаңдағы жақындарын іздеген музыкант– Міне, бізді Лобачевскийге (уақытша қамау орны - ред.) әкеліп тұр. Қазір кіреміз. Таңертең мені студияда, жұмыс орнымда отырған жерімнен ұстап алып кетті. Қасымда Байболат Күнболатұлы бар. "Талапқа бағынбай, қайта-қайта консулдық алдына шықтыңдар" деп айыптады, - деді сенбі күні кешкі сағат 20:00 шамасында Ақиқат Қалиолла телефон арқылы Азаттыққа.
Сенбі, 10 қыркүйекте күндіз Байболат Күнболатұлының әйелі Бақыт Жарықбасова Азаттыққа хабарласып, "күйеуінің ұшты-күйлі жоғалып кеткенін" хабарлаған еді. "Байболат таңертең 10:30 шамасында дүкенге кеткен болатын. Содан жоқ. Телефоны өшірулі тұр. Барлық жерге қоңырау шалып таба алмай отырмын" деген еді. Ал полиция өкілдері "оларды ұстамағанын" айтқан.
Сенбі күні Медеу аудандық соты қоңырауға жауап бермеді.
Ақиқат Қалиолла мен Байболат Күнболатұлы бастаған бірнеше адам 2020 жылдың ақпан айынан бері ресми Пекиннің Шыңжаңдағы аз ұлттарға жасап жатқан қысымын айыптап, наразылық шарасын өткізіп келеді.
5 қыркүйекте Алматыдағы саябақтардың бірінде Қазақстан президенті Тоқаевтан көмек сұрап, бейбіт жиын өткізген олар "Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары қарсаңында полиция бізді ұстап қамап қоюы мүмкін" деп ескерткен болатын.
Бұған дейін Қытай коммунистік партиясының жетекшісі Си Цзиньпиннің 14 қыркүйекте Қазақстанға іссапармен келетіні хабарланған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Көз алдыма тек анам келеді". Шыңжаңда қалған жақындарына араша түсіп жүрген музыкант"Шекарадан асқан бойда қолымызға кісен салды". Шыңжаң түрмесінде болған қырғыз қыздың әңгімесіҚытай президентінің сапары қарсаңында Алматыда Шыңжаңда туысы қамалғандар Тоқаевтан көмек сұрадыҚытай президенті Қазақстанға қай күні келетіні белгілі болдыСи Цзиньпиннің Орталық Азияға сапары несімен маңызды?