АЭС туралы сұраққа жауап берген энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан "барлық қауіпті ескереді", компанияларды беделіне қарап та таңдайды деді.
Азаттық тілшісі министрден "ресейлік "Росатомға" санкция салынса, не болады?" деп сұрады.
—Әрине, компанияларды таңдаған кезде оны да (санкцияны) ескереміз, бірақ қазір "Росатомға" ешқандай шектеу қойылмаған. Қазір әңгіме станция өзегіне технология таңдау жөнінде болып отыр. Технология анықталғаннан кейін барып, оны жүзеге асыру мәселесін қарастырамыз. Құрылыс технологиясын таңдаған кезде қандай қауіп бар, соларды анықтаймыз. Тек қауіп қана емес, технология, бедел жағын да ескереміз, – деді Болат Ақшолақов.
Бұған дейін Қазақстанда АЭС салатын елдер консорциумы арасынан қауіпсіздікке жауапты компания таңдалатыны хабарланған.
Консорциумға: қытайлық China National Nuclear Corporation, кореялық Korea Hydro & Nuclear Power, француздың Еlectricitе de France және ресейлік "Росатом" енген.
Еуропадағы экологтар мен белсенділер ЕО-ны Ресейдің ядролық отынынан бас тартып, санкция салуға үндеген. Бұған дейін "Росатомның" Украинамен соғыста Ресей армиясына консультация жасағаны белгілі болған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Энергетика министрлігі: АЭС қауіпсіздігіне консорциум жетекшісі жауап береді, консорциумда Ресей де бар"Самұрық-Қазына" АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыра бастағанын мәлімдеді"Қысым көрсету құралы". Тоқаев Ресей ұсынған АЭС-ті салуға неге асықты?Үкімет АЭС Балқаш көлі маңында салынатынын айттыҚазақстанда АЭС салуға 5 миллиард доллар жұмсалуы мүмкін