Әлемдегі ірі криптовалюта биржаларының бірі FTX банкротқа ұшырады

Әлемде ірілігі жағынан үшінші орында тұрған FTX криптовалюта биржасы 11 қарашада банкротқа ұшырағаны жөнінде АҚШ-тың Делавэр штатында сотқа өтініш түсірді. Бизнестің бағалау құны бір аптада 32 млрд доллардан нөлге бір-ақ түскен. Financial Times жазуынша, компанияның міндеттемелері 50 млрд-қа дейін жетуі мүмкін.

Бизнестің құлдырауы 2 қарашада Coindesk басылымында биржа иесі Сэм Бэнкман-Фридтің бизнесі туралы зерттеу жарияланғаннан кейін басталған. Онда миллиардердің бизнесінің активтері негізінен өз биржасы шығарған криптовалютадан тұратыны айтылған. Мақала жарияланған соң клиенттер биржадан жаппай кетіп, ликвидтілік дағдарысы туындаған.

FTX-ті негізгі бәсекелесі әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасы Binance сатып алуға уәде берген. Американың реттеуші органдарының жағдайды тексергені жөнінде хабар тараған шақта бизнестің активтерін бағалаған Binance келісімнен бас тартқан.

Бэнкман-Фрид FTX жетекшісі қызметінен кетті. Оның орнына банкроттық бойынша маман менеджер Джон Джей Рэй III келді. Ол 2001 жылы Американың "Энрон" энергетика компаниясын қайта құрылымдаумен айналысқан.

  • FTX банкротқа ұшырағаннан кейін ең танымал криптовалюта Биткоин құны бес пайызға арзандап, соңғы ең жылдағы минимум $16 492 дейін құлдырады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мәжіліс майнингті реттеуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдадыОрталық Азияда жарық неге сөніп қала береді?АҚШ криптовалюта айырбастау платформасына алғаш рет санкция салдыӘлемде биткоинге көзқарас әр түрлі