Катарда басталған футболдан әлем чемпионатындағы матч алдында Иран құрама командасының футболшылары өз елінің әнұранын шырқаудан бас тартты. Құрама капитанының сөзінше, спортшылар осы арқылы Иранда болып жатқан қарсылық акциясын қолдайтынын білдіргісі келген. Музыка қосылғанда үнсіз қалған футболшыларға көрермендер қол соғып, ризашылық білдірген.
Әнұраннан кейін Иран құрамасы Англия құрамасымен ойнап, 6:2 есебімен ұтылды.
- Әйел құқығын қорғаушы, Ирандағы азшылық күрдтер арасынан шыққан 22 жастағы Махса Әминидің өлімінен соң соң қыркүйекте Иранда жаппай наразылық басталған. Әминиді Иранның әдеп полициясы "хиджапты нормаға сай кимеген" деп ұстаған, кейін полиция бөлімшесінен ауруханаға апарған, бірнеше күннен соң Әмини ауруханада қайтыс болған. Наразылыққа шыққан халық оны полиция ұрып өлтірді деп санайды.
- Көтеріліс Иранның барша аумағына жайылды. Наразылыққа шыққандар полицияның зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, Иранды басқарып отырған аятолла Әли Хаменеидің биліктен кетуін, елді демократияландыруды талап етті.
- Полиция наразылықты күшпен басып жатыр. Құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда, қазірге дейін кемі 326 адам өлтірілген. Өлгендердің арасында 45 сәби бар, 15 мыңнан астам адам қамауға алынған. 14 қарашада Иран соты қарсылық акциясына шыққан адамдардың бірін өлім жазасына кесті.
- ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Иранда Махса Амини өлімі туралы жазған журналистер "мемлекетке сатқындық жасады" деп айыпталды ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Иран билігі Азаттық радиосының қайтыс болған журналисін құпия жерге көміп, туыстарына суретін жіберген