МАГАТЭ Запорожье АЭС-інің салқындатқыш жүйесінде ақау барын мәлімдеді

Запорожье атом электростанциясы

Халықаралық атом электр станциясының (МАГАТЭ) сарапшылары 19-20 қарашадағы атыстан кейін Запорожье АЭС-інен ақау тапқан. Конденсаттарды сақтауға арналған резервуарлардың зақымданғанына байланысты радиоактивті емес заттардың шыға бастағанын байқаған. "Станцияға айтарлықтай зақым келсе де әзірге тікелей ядролық қауіпсіздікке қатер жоқ" дейді МАГАТЭ.

Әуеден жасалған соққы кесірінен реакторлар жанын өтетін негізгі жол мен ауаны қысыммен айдайтын құбыр желілеріне, қосымша ғимараттардың шатырларына зиян келген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ МАГАТЭ Украинадағы үш атом электр станциясы мен бұрын жарылған Чернобыль АЭС-ін тексереді

АЭС-тің барлық алты реакторы тұрақты жағдайда, ядролық отын мен қалдықтарды сақтайтын орынға зақым келмеген. АЭС-тің төрт реакторы салқындатылған режимге ауыстырылған, екеуі Энергодар тұрғындары мен АЭС қажеттіліктері үшін бу мен ыстық су беріп тұр,- дейді МАГАТЭ сарапшылары.

"Бұл жағдай айтарлықтай алаңдатады, өйткені әлемдегі ең ірі атом электр станциясы маңында атыс жүріп жатыр",- дейді МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси.

  • Ресей әскері Запорожье АЭС-ін биыл наурызда басып алған. Одан бері Украина мен Ресей станцияға қарай оқ атты деп бірін бірі әлденеше рет кінәлаған. АЭС аумағында соңғы рет 19-20 қарашада күшті жарылыстар болған.
  • Кеше Украина президенті Владимир Зеленский ЗАЭС-тегі жағдайды Франция президенті Эммануэль Макронмен талқылаған.
  • Қыркүйекте МАГАТЭ сарапшылары станция маңында "қауіпсіз аймақ" құруға шақырған. Бұл ұсынысты Украина, Еуропа одағы мен АҚШ қолдап, Ресей қарсы болған.