Еуропа кеңесі 2023 жылы Украинаға құны 18 млрд еуро болатын қаржы көмек пакетін бекітті. Ұсыныс Еуропарламентке таныстырылып, келесі аптада қабылдануы мүмкін.
"Украина Еуроодаққа сүйенсе болады. Украинаны қанша қажет болса, сонша дәрежеде қаржылай жағынан да қолдай береміз" деді Чехия қаржы министрі Збынек Станюра.
2023 жылы Украинаға беріледі деген несиенің он жылдық жеңілдік кезеңі бар. Еуроодаққа мүше елдер пайыздық шығындардың негізгі бөлігін өтейді. Қарызға кепілдік ЕО немесе одаққа мүше елдердің бюджетінен қарастырылған.
Қаржылай көмек Украинаның маңызды инфрақұрылымдарын қалпына келтіруге және шұғыл қажеттіліктерді қаржыландыруға да жұмсалмақ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Столтенберг: НАТО толық масштабты соғысқа жол бермеуді көздейді