Дүйсенбіге қараған түні Ресей Киевке тағы да дронмен шабуыл жасаған. Киевте әуе дабылы үш сағатқа жуық қосулы тұрған. Киев мэрі Виталий Кличко қаланың Соломенск және Шевченковск аудандарында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады.
Киевтің қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко түнде Украина астанасына Ресей Иранның жиырмадан астам "Шахид" дронымен шабуыл жасағанын, оның 15-ін әуе қорғанысы атып түсіргенін мәлімдеді.
Кейбір дрондар маңызды инфрақұрылымдарға құлаған. Екі адам зардап шеккен.
Кеше Украина билігі Ресей зымыранмен атқылағаннан кейін жылу жүйесін қалпына келтіргенін мәлімдеген.
16 желтоқсанда Ресей әскері Киевке 40 зымыран атқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ұлыбритания: Украина Ресей әскеріндегі Иран дрондарының көбін құлатып жатыр