Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ресейлік гроссмейстер Карякинді жеңді

Шахматшы Бибісара Асаубаева.

Мәскеудегі халықаралық шахмат турнирінде Қазақстанның 18 жастағы шахматшысы Бибісара Асаубаева 33 жастағы ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді жеңіп, сенсация жасады. Бұл жөнінде Қазақстан спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сүйенген ақпарат құралдары хабарлады.

"Блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте жарыстың басты фавориті Сергей Карякинді ұтты" деп жазылған спорт істері жөніндегі комитет хабарламасында.

Сергей Карякин дүниежүзіндегі ең мықты гроссмейстерлердің бірі саналады. Ол Қырымда туғанымен, көбіне Ресейде тұрған.

Ресей шахматшысы "Ресей туынсыз ойнамаймын" деп, жуырда Алматыда өткен әлем чемпионатына барудан бас тартқан. Карякин Украинадағы соғыс пен Ресей президентінің саясатын қолдаумен де аты шыққан.

Желтоқсанның аяғында Алматыда өткен чемпионатта алтын медаль жеңіп алған Бибісара Асаубаева блицтен екі дүркін әлем чемпионы атанды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева Қытайдағы турнирде күміс алдыӨзбекстан ерлер құрамасы шахмат олимпиадасында жеңіске жетті. Қазақстан әйелдер құрамасы 5-орын алдыҚазақстандық шахматшы Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды