АҚШ мемлекеттік департаменті Қырғызстан ақпарат министрлігінің талап арызы бойынша сот шешіміне байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігінің әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланды.
АҚШ мемлекетттік департаментінің өкілі Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қырғыз редакциясы – "Азаттык Медиа" жұмысын тоқтату туралы сот шешімі алаңдаушылық туғызып отырғанын жазған.
"Азаттык Медианы" жабу Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың сөз еркіндігі қорғалатыны туралы мәлімдемесіне зор нұқсан келтіреді. "Азаттык Медиа" бергелі отырған апелляциялық шағымның кез-келген түрін мұқият және әділ қарауға шақырамыз" деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаменті.
27 сәуірде Бішкектің аудандық соты "Азаттыкты" БАҚ ретінде жабу туралы шешім шығарған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Бішкек соты Азаттықтың жұмысын тоқтату туралы өтінішті орындадыАзат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай сот әрекетін "өрескел шешім" деп бағалап, РСЕ/РС жоғарыдағы сот интанцияларына апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.
Amnesty International, CPJ секілді ірі халықаралық ұйымдар және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының демократия, адам құқығы және гуманитарлық мәселелер жөніндегі парламенттік ассамблеясы "Азаттыкка" қысымды тоқтатуға үндеген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Журналистерді қорғау комитеті қырғыз билігінен Азаттыққа қатысты сот шешімін жоюды талап етті