Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Мәскеу түбіндегі Котельники елді мекенінде ұсталған тәжік мигранттарының бәрі босатылды деп мәлімдеді.
Алайда мигранттардың ұсталу себебі ресми тараптан әлі түсіндірілмеді. Елшіліктің 25 мамырда таратқан хабарламасында "отандастардың тағдырын елшілік бақылауға алады" деп жазылған.
Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода ресейлік әріптесті Владимир Колокольцевті Комсомольск қаласындағы соққыға жығылған тәжік студенттерінің құқығын қорғауға шақырған.
23 мамырда Котельники елді мекеніндегі полиция бөлімшесіне 100-ге тарта тәжік мигранты жеткізілген.
"Озоди" радиосының хабарлауынша, полиция тәжікстандықтар ашқан "Дидор", "Рохат", "Амина" және "33 Хауз" кафелеріне рейд жүргізген. Оның алдында 300-ге тарта тәжік азаматы ұсталған.
Ресей билігі әзірге бұл оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ресейде күш құрылымдары 100-ден астам тәжік студентін ұрып-соққан