Қазақстан Қылмыстық кодексінен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізген, ар-ұжданын қорлаған азаматтарды жауапқа тартуды қарастыратын ереже алынады.
Бұл туралы мәжіліс депутаты Снежанна Имашева хабарлады.
"Елбасы мәртебесі жоқ, сол себепті қылмыстық жауапкершілік қажет емес және қолданылмайды. Бұл ереже Елбасына ғана қатысты, онда отбасы туралы ештеңе айтылмаған" дейді депутат.
Қазақстан әділет министрлігі мұндай мәліметті растады.
2023 жылғы ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы туралы" заң күшін жойғаны туралы жарлыққа қол қойған. Бұл заң Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне ерекше құзырет берген.
11 қаңтарда Конституциялық сот "Елбасы туралы" заң күшін жойғанын мойындады. 13 қаңтарда парламенттің қос палатасы заң жобасын мақұлдады.
2022 жылы күзде Қазақстан Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарып, астана атауын Астана деп қайта өзгертті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ұмытылған, сырттай сотталған һәм даңқынан айырылған... Орталық Азиядағы тұңғыш президенттердің қазіргі мұрасы